«Атырау» жанкүйерлері клуб басшылығының қызметінен кетуін талап етті

«Атырау» жанкүйерлері клуб басшылығының қызметінен кетуін талап етті

«Атыраудың» жанкүйерлері клуб басшылығының қызметінен кетіп, команданы қайта жасақтауды талап етті.

Атырауда команда жанкүйерлері мен басшылығы кездесті. Жанкүйерлер командадағы легионерлердің ойынына риза емесін, нәтиже көңіл көншітпейтінін айтады. 

«Ордабасыға» қарсы өткен өз алаңындағы ойында «Атырау» командасы жеңіліс тапқан соң жанкүйерлердің ашуы одан әрі булыға түскен. 

Жанкүйерлермен кездесуге шыққан «Атырау» футбол клубының бас менеджері Әлішер Абсалямов командаға келгеніне көп болмағанын айтты.

- Бес ай ішінде бәрін жасау мүмкін емес. Бұл кәсіби спорт. Біз бес ай бұрын ғана келдік. Сиқыршы еміспіз ғой. Сонда Реал Мадридді әкелейік пе? Болмайды, - деп келтіреді маманның сөзін КТК телеарнасы.

Наразы жанкүйерлер бағы ашылмаған «Атырау» футболын жеке адамдардан алып, мемлекеттік басқаруға қайтарса дейді. Тіпті осы талап-тілектерін айтып, облыс әкімі Серік Шапкеновке үндеу жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0