Басқа

Триатлоннан ел чемпионатын Қостанай қабылдайды

Триатлоннан ел чемпионатын Қостанай қабылдайды

Тиатлоннан Қазақстан чемпионаты және ТЕМИРАДАМ кубогының VI кезеңі 6-7 тамызда Қостанайда өтеді.

Жарыстың бірінші күні аралас эстафетада «300 м жүзу, 8 км велоспорт, 2 км жүгіру» қашықтығы бойынша Элиталық санаттағы спортшылар өздерін сынап, U19 және U15 санаттары топтық стартпен супер спринтке шығады.

Екінші күн одан кем емес қызықты және сәтті күн болатынына сенеміз. Іс-шаралар аясында триатлонды танымал ету және дамыту мақсатында Чемпионат бағдарламасына спринт қашықтыққа (750 м жүзу, 20 км велоспорт, 5 км жүгіру) кәсіби және жас тобындағы спортшылар арасында жарыстар кіреді. Бұл бағдарлама Қазақстан бойынша өз шеруін жалғастырып жатқан TEMIRADAM кубогының VI кезеңіне қатысушыларға арналған.

Бұған дейінгі кубоктар Түркістан, Талдықорған, Алакөл, Бурабай және Нұр-Сұлтан қалаларында өткен болатын.

Түпнұсқасы: triathlon.org.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0