«Ақсу» африкалық жартылай қорғаушымен қоштасты

«Ақсу» африкалық жартылай қорғаушымен қоштасты

Оңтүстік африкалық жартылай қорғаушы Май Махлангу «Ақсу» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы ойыншы «Ақсуға» биылғы маусымның басында ауысып келген. Павлодарлық клуб сапында жартылай қорғаушы 5 матчқа қатысты. 

Айта кетейік, Махлангу 2019 және 2021 жылдары шымкенттік «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0