«Ертең біз «Ракувқа» олардың нақты деңгейін көрсетеміз». «Астананың» бас бапкері 0:5 есептен кейін не деді?

«Ертең біз «Ракувқа» олардың нақты деңгейін көрсетеміз». «Астананың» бас бапкері 0:5 есептен кейін не деді?

 «Астана» команданың бас бапкері Срджан Благоевич Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің  «Ракувқа» қарсы екінші ойынна не күтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бірінші ойыннан кейін айтқан сөзімді қайталаймын: осындай ірі есеппен жеңілгенімізге қатты өкінеміз. Мықтылығымызды дәлелдеп, «Ракувты» жеңуге тырысамыз деп келістік, өйткені біздің деңгейіміз қарсыластың деңгейінен жоғары.

– Ойынға психологиялық тұрғыдан қалай дайындалдыңыз?

- Қатты ауыр тиген жеңіліс болды, бірақ біз көңілімізді түсірмейміз, ертең нағыз деңгейімізді көрсетеміз.

- Өткен ойынға қарамастан, «Ракувтың» Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Сіздің командаңыз шабуылда әдемі, әрі жоғары деңгейде ойнайды, бұл бізге белгілі бір қиындықтар туғызды. 

- Александр Заруцкийге қашан мүмкіндік беріледі?

– Қайталап айтамын – бізде чемпионаттағы ең үздік екі қақпашы бар. Иә, Милошевич қателесті, бірақ әр ойыншы қателеседі.

– Клубқа жақында ғана ауысқан Досмағамбетов неліктен негізгі құрамда шықты?

- Тактикалық мәселелерге байланысты солай шештік.

– Ертең Абай Айымбетов шыға ма?

- Кімнің шығатынын айтпаймын, ертең ойынға келсеңіз, бәрін көресіз.

- Милошевичтің мұндай қателіктері «Астана» сияқты клуб үшін жарамсыз деп ойламайсыз ба?

- Келісемін, бірақ әр ойыншы қателеседі. Бірақ өрескел қателіктердің ішінде мен «Ракув», «Шахтер» және «Ақсуға» қарсы ойындарды атап өте аламын.

- Ертеңгі ойынға мыңнан астам билет сатылды. Кезінде еуропалық аренада тамаша өнер көрсеткен команданың рухын жоғалтқанымызбен келісесіз бе?

«Астана» үшін жаны ауыратын адамдардың барлығы келеді деп ойлаймын. Қандай жағдай болмасын бізді қолдайтынына сенімдімін.

- Маусым басынан бері командада көптеген мәселелер туындады, сіз командадан кету туралы ойладыңыз ба?

- Иә, бізде қиындықтар бар, бірақ мен сылтау айтқым келмейді. Нашар нәтижелерге келетін болсақ, мен «Ракувқа» қарсы бірінші ойынды ғана айта аламын.

- Марин Томасов ше? Ол ертең командаға көмектесе ала ма?

Оның қызуы көтеріліп жатыр. Бүгін ол бірінші рет алаңға шықты, ертең қосалқы құрамда отыруы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0