Теннис

Денис Евсеев Испаниядағы «Челленджердің» екінші айналымына шықты

Денис Евсеев Испаниядағы «Челленджердің» екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Сеговиядағы «Челленджердің» екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымында Евсеев жергілікті теннисші Дэниел Ринконды 6-2, 5-7, 6-3 есебімен жеңді.

29 жастағы қазақстанстандық спортшы өткен аптада Нұр-Сұлтандағы «Челленджердің» финалына шығып, ресейлік теннисші Роман Сафиуллиннен жеңіліп қалған болатын - 6:2; 4:6; 6:7 (2:7).

Келесі матчта Денис Евсеев бельгиялық теннисші Михаэльем Геертпен кездеседі.

Еске салайық, Денис Евсеев пен Даниэль Ринкон 2021 жылы Аликантеде өткен «Челленджердің» іріктеу кезеңінде ойнап, Евсеев 7:5; 6:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Фото: Андрей Ударцев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0