Әли Ахмедов GGG - Канело андеркардында титулдық жекпе-жек өткізеді
![Әли Ахмедов GGG - Канело андеркардында титулдық жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/203991_0b97ae4d440aab80c26308363db83192.jpg?v=28650036)
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) 17 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің андеркардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы алматылық 2013 жылдың қаңтарында орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы болған америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) Солтүстік Американың WBA және IBО нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы титулы үшін жұдырықтасады.
Аталмыш жекпе-жекте Головкин жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Росадо бұған дейінгі екі жекпе-жегінде жеңілген. 2021 жылдың 13 қарашасында ол Хайме Мунгуиадан жеңілді.
Содан кейін ол екінші орта дивизионға көтеріліп, көпшіліктің шешімімен WBO Continental Americas титулы үшін айқаста америкалық Шейн Мослиден жеңілді.