Басқа

Елордада триатлоннан Азия чемпионаты мәресіне жетті

Елордада триатлоннан Азия чемпионаты мәресіне жетті

Нұр-Сұлтанда триатлоннан U23 және U19 санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл ауқымды спорттық іс-шара 2021 жылы өтуі қажет еді, алайда елдегі коронавирус ахуалына байланысты кейінге шегерілген-ді.

Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Жапония, Корея, Гонконг, Қытай, Қырғызстан өкілдері бар. Бір айта кетерлігі, бұл санаттарда әлем рейтингінде Азия елдерінің спортшылары көш бастап тұр.

Байрақты бәсекеде ел намысын 15 спортшы қорғады. Ел үмітін арқалаған ДарынҚонысбаев U23 санатында тұғырдан екінші көрініп, күміс жүлдегі жеңіп алды. 

Дарын Қонысбаевты жарыстың басынан-ақ жоғары қарқын орнатып, үш кезеңді 1 сағат 51 минут 14 секундта бағындыржы. Жарыст гонконгтық Оскар Коггинст топ жарса, үздік үштікті Қытай өкілі Цин Чен түйіндеді. 

Әйелдер арасындағы U23 санатында Жапония мен Қытайдың спортшылары жарыстың көшін бастады. 2:10:26 нәтижесімен жапондық Изуми Икегучи алтыннан алқа тағынса, Қытай құрамасының өкілдері Вен Вэй мен Синьи Лин екі және үшінші орынды иеленді. 

Чемпионатта жапон спортшылары тамаша дайындығын көрсетті. U19 санатында екі жапондық спортшы - Мако Хиразуми 1 орын және Манами Хияши 2 орын алды.

Жас ерлер санатында да Жапонияның өкілдері жеңіске жетті. Аму Омуро мен Такуто Ошима бірінші және екінші орындарды иеленді. Жеңімпаздар қатарында қазақстандық спортшы ЕгорКрупяков та болды. Ол мәре сызығына үшінші келіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0