«Линкольн Ред Импс» – «Тобыл» матчына төрешілер тағайындалды
![«Линкольн Ред Импс» – «Тобыл» матчына төрешілер тағайындалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/201736_18bc991523c5222ed4678e466fc5cb48.jpg?v=28704614)
Галь Лейбовиц бастаған израильдік төрешілер УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Линкольн Ред Импс» – «Тобыл» ойынына қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бас төреші: Галь Лейбовиц (Израиль); Көмекшілері: Йосси Бабайофф, Омер Барбиро (екеуі де Израиль); Төртінші төреші: Шалом Бен Аврам (Израиль).
Айта кетейік, матч 26 шілдеде Гибралтарда өтеді. Ойын елорда уақытымен 22:00-де басталады.