«Мақтаарал» ойыншылары «Тобыл» қақпасына 4 гол соқты

«Мақтаарал» ойыншылары «Тобыл» қақпасына 4 гол соқты

Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 3-туры аясында «Тобыл» мен «Мақтаарал» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайда өткен ойында қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, алаң иелері сапында команданың жас ойыншылары өнер көрсетті.  

Қазақстан кубогы. С тобы. 3-тур.

«Тобыл» (Қостанай) – «Мақтаарал» (Атакент) – 1:4 (1:2)

Гол соққандар: Юденков 13 (0:1), Рысқұл 35 (0:2), Ермекбаев 36 (1:2), Каримов 49 (1:3), Кенжебек 86 (1:4)

Төреші: Абдуллаев (Қаратау)

24 шілде. Қостанай. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0