Теннис

Путинцева Польшадағы турнирге қатыспайды

Путинцева Польшадағы турнирге қатыспайды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Польша астанасы Варшавада өтетін WTA 250 турниріне қатыспайды.

«Юлия Путинцева (2) қазіргі чемпион Марина Заневскаямен ойнауы керек еді, бірақ жеребеден кейін сол жақ білегінің жарақатына байланысты жарысқа қатыспайтынын айтты. Тоғызыншы атанған Варвара Грачева оның орнына қатысады», - деді ресурс.

Жақында Будапештте өткен турнирде Путинцева жарыстың финалына өте алмады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазір әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде 39-шы қатарда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0