Константин Горовенко: Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын

Константин Горовенко: Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко «Ордабасы» командасымен өткен матчқа қатысты пікірін білдірді.

«Бұл ойын біз ойлағандай нәтижелі болмады. Өз алаңымызда 1:4 есебімен ұтылдық. Команданың футболшылары мен жаттықтырушылар штабына ойлану керек шығар. Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын.

Мен команда футболшыларына олардан не күтетінімді, қалай ойнау қажеттігін жеткізе алмадым. Команда ойыншыларында көшбасшылық қасиет жетіспеді. Алаңда жеңіске жетуге деген ынтаны көрмедім. Футболды дәл осылай ойнамайды», - деді Константин Горовенко.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0