«Қызыл-Жардың» негізгі құрам ойыншысы жарақат алып, келесі матчқа қатыспайды

«Қызыл-Жардың» негізгі құрам ойыншысы жарақат алып, келесі матчқа қатыспайды

Петропавлдық клубтың 28 жастағы черногориялық жартылай қорғаушысы Дарко Зоричке жарақатына байланысты келесі матчта алаңға шықпауы мүмкін.

Prosports.kz мәліметінше, «Қайсарға» қарсы Кубок ойынында алған жарақаты бастапқыда ойлағаннан да ауыр болып шықты. Ахилл сіңірінің зақымдалуына күдік бар.

Еске салайық, кеше «Қызыл-Жар» еуропалық бәсекеге алғаш рет қатысып, Конференциялар лигасы аясында хорватиялық «Осиектен» 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Қарымта ойын 29 шілдеге қараған түні 00:30-да өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0