«Тобыл» «Линкольн» қақпасына жауапсыз екі гол соқты
Конференциялар лигасының 2-іріктеу кезеңіндегі матчта «Тобыл» өз алаңында гибралтарлық «Линкольн» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Қостанайлықтар сапында екі гол да екінші таймда соғылды. 65-минутта Айбар Жақсылықов есеп ашса, кездесу соңына қарай Жарко Томашевич кездесу нүктесін қойды.
Енді қарымта кездесу 28 шілдеде өтеді.
Конференциялар лигасы.
2-іріктеу кезең. 1-матч.
«Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) - «Линкольн» (Гибралтар) 2:0
Голдар: Жақсылықов 65, Томашевич 90+1
Төреші: Мэттью Де Габриель (Мальта)
21 шілде. Қостанай. «Орталық» стадион.