Дзюдо

Дзюдодан жастар чемпионатының алғашқы күнінде қазақстан төрт медаль жеңіп алды

Дзюдодан жастар чемпионатының алғашқы күнінде қазақстан төрт медаль жеңіп алды

Таиланд бұл күндері дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдауда. Бірінші күні қазақстандық команда төрт бірдей медальмен марапатталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев "алтын" иеленді. Мерей Махамбетов жарысты екінші орында аяқтады.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Зайзағалиев тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Жаңарыс Рахметқали "қола" иегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0