Әлем чемпионатындағы ақшалай жүлде мөлшері белгілі болды

Әлем чемпионатындағы ақшалай жүлде мөлшері белгілі болды

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тарихи алтын медальді салған Нора Джеруто 70 мың доллар табыс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа әлемдік рекордтар орнатқан спортшылар демеуші TDK компаниясы мен World Athletics ұйымдастырушыларынан 100 000 АҚШ доллары көлемінде арнайы бонус алады. Егер спортшы әлемдік рекордты қайталап, бірақ одан асып түспесе, бонус берілмейді.

Әлемдік рекорд бонусынан басқа, Орегон (АҚШ) штатында 8 498 000 доллар көлеміндегі жүлде қоры ойнатылады.

Жүлде мөлшері мынадай:

Жеке жарыс

- Алтын медаль: $70 000
- Күміс: $35 000
- Қола: $22 000 
- Төртінші орын: $16 000
- Бесінші орын: $11 000
- Алтыншы орын: $7000
- Жетінші орын: $6000 
- Сегізінші орын: $5000

Эстафета (командаға)

- Алтын медаль: $80 000
- Күміс медаль: $40 000
- Қола: $20 000
- Төртінші орын: $16 000
- Бесінші орын: $12 000 
- Алтыншы орын: $8 000
- Жетінші орын: $6 000 
- Сегізінші орын: $4 000.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0