русский язык
Теннис

Ресейлік теннисшілер 2023 жылы да Уимблдонға қатыса алмауы мүмкін

Ресейлік теннисшілер 2023 жылы да Уимблдонға қатыса алмауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Уимблдон ұйымдастырушылары ресейлік теннисшілерді 2023 жылғы турнирден шеттету мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз мәліметінше, мұндай шешім Украинадағы жағдай өзгеріссіз қалған жағдайда қабылданады. Турнирді ұйымдастырушылар қорытынды шешімді 2023 жылдың наурызында шығарады.

Биыл Ресей мен Беларусь спортшылары саяси себептермен Уимблдондан шеттетілген болатын.

Осыған байланысты Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) беделді турнирді рейтингтік ұпайлардан айырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;