«Қайрат» капитаны ирандық клубқа ауысты
![«Қайрат» капитаны ирандық клубқа ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/472_cc2cfe68ced52be9a43ce16039c30a4c.jpg?v=28657073)
Жартылай қорғаушы Рикарду Алвеш «Қайрат» сапынан ресми түрде кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі алматылықтардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Рикарду «сары-қаралар» сапында 2021 жылдан бері ойнады. Осы уақыт ішінде Алвеш 36 ойын өткізіп, 3 гол мен 15 нәтижелі пастың авторы атанған. «Қайрат» құрамының 16-нөмірі УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойнап, 2021 жылы Қазақстан кубогын иеленді!» - делінген алматылық клубтың ресми хабарламасында.
Клуб Рикарду Алвеш ирандық «Трактор» сапына ауысқанын хабарлады.
«Трактор» өткен маусымда Иран чемпионатында 13-орын алған. Маусымда бұл клубтың тізгінін «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыев ұстаған еді.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202207/252181_b4a5fbd37fb59bd30fd09867421dacad.jpg)