Михаил Литвин әлем чемпионатының 400 метрге жарысында жартылай финалға шықты

Михаил Литвин әлем чемпионатының 400 метрге жарысында жартылай финалға шықты

Юджинде (АҚШ, Орегон штаты) жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында ерлер арасында жүгіруден 400 метрге жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жеңілатлет Михаил Литвин алғашқы кезеңге қатысып, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 

Ол төртінші топта өнер көрсетіп, маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті - 46.00 сек.

Жартылай финал 20 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0