ММА

Хабиб Нурмагомедов: Қазақстан мен үшін туған жер

Хабиб Нурмагомедов: Қазақстан мен үшін туған жер
news-banner7
mobile-news-top

Ақтауда Naiza және EAGLE FC промоушендері аралас жекпе-жектен бірлескен халықаралық турнир өткізді.

Жарыс барысында EAGLE FC ұйымының негізін қалаған Хабиб Нурмагомедов сөз алып, Қазақстанға ыстық ықыласын жеткізді.

«Маңғыстау облысының барлық тұрғындарына сәлем жолдаймын. Турнирді тамашалауға келген мыңдаған адамның арасында болғаныма өте қуаныштымын.

Дәл қазір сіздердің араларыңызда турнирден кейін осы спорт түріне қызығушылықпен келетін және өз күш-жігерінің арқасында алдағы 10 жылдан кейін аты аңызға айналатын жастар шығады деп есептеймін. Мұндай жарыстарды жиі өткізіп, жастарымызды спортқа баулу керек.

Қазақстан - менің туған жерім, мұнда үлкен Дағыстан диаспорасы бар. Маңғыстаулықтардың қонақжайлығы үшін алғысымды білдіремін»,- деді өз сөзінде әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер