Айбар Жақсылықов: Бапкер тапсырмасын орындадық

Айбар Жақсылықов: Бапкер тапсырмасын орындадық

Қостанайлық клубтың шабуылшысы «Ақтөбеге» қрасы ойыннан соң пікірін айтты.

– Біз жанкүйерге ұнайтын қызықты әрі тартысты ойын көрсеттік дер едім. Маңызды матчта жеңіске жетіп, бапкер тапсырмасын орындай білдік. Бапкерлер штабы жас футболшыларға сенім артып, бірінші минуттан алаңға шығарды. Бәріміз сол сенімді ақтай алдық деп ойлаймын.

Енді бұл ойынды тезірек ұмытып, алдағы тағы бір маңызды кезең – Конференциялар Лигасы кездесуіне дайындаламыз. Осы сәтті пайдаланып, барлық қостанайлық жанкүйерді «Линкольн» клубына қарсы өтетін ойынға шақырамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0