русский язык
ММА

«Жеңіс бар жерде әрқашан жеңіліс болады»

«Жеңіс бар жерде әрқашан жеңіліс болады»

29 шілдеде Алматыда OCTAGON лигасының кезекті ивенті өтеді.

O33 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы ұйымның бос чемпиондық белбеуіне Нұрбек Тәжібаев (5-1) пен Мәжит Сардаров (4-0) күш сынасады.

Prosports.kz тілшісі шымкенттік файтер Нұрбек Тәжібаевпен хабарласып, алдағы чемпиондық мүмкіндігі туралы пікірін білді.

Нұрбек, сізге жеңіл салмақта лиганың чемпиондық белбеуі үшін таласуға мүмкіндік бұйырды. Бұл сізге тосынсый болды ма?

– Жоқ, біз бұл жекпе-жекті күттік, өйткені біздің мақсатымыз OCTAGON лигасының белбеуін жеңіп алу болатын.

Қарсыласыңыз Мәжит Сардаров болады. Ол туралы не білесіз және сіздің ойыңызша ол қаншалықты мықты?

– Қарсылас - жеңілмеген мықты файтер. Біз оның кейінгі жекпе-жектерін көріп, жақсы дайындалдық.

– Сіздің ойыңызша, жекпе-жектің фавориті кім?

– Бұл жекпе-жектің фаворитін атай алмаймын. Кездесуде бәрі анықталады.

– OCTAGON лигасында Достон Бозоровтан жеңіліп қалдыңыз. Кәсіпқой ретіндегі алғашқы сәтсіздіктен кейін көңіл-күйіңіз қалай болды?

– Ешқандай ренішім жоқ, өйткені жеңіс бар жерде әрдайым жеңіліс болады.

– Сол жеңілістен қандай қорытынды жасай алдыңыз?

– Жеңіліс жаттығуға көбірек уақыт бөлуім керегін анық көрсетті.

– Алдағы жекпе-жекте шешуші рольді не атқаруы мүмкін?

– Мұны тек жекпе-жекті көрсетеді.

– Қарсыласыңызға қандай тосынсыйлар дайындап жатырсыз?

– 29 шілдеде келіңіз, сонда бәрін көресіз.

– Жекпе-жек алдында Сардаровқа қандай тілек айтар едіңіз?

– Оған сәттілік тілеймін.

ММА-да қандай міндеттер қоясыз және UFC деңгейіне жету мақсаты бар ма?

– Бүгінгі басты мақсатым – OCTAGON лигасының белбеуін жеңіп алу.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Фото: Нұрбек Тәжібаевтың Инстаграм парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;