Дмитрий Шомко: Командадағы әрбір футболшы қандай клубта ойнайтынын жақсы түсінеді

Дмитрий Шомко: Командадағы әрбір футболшы қандай клубта ойнайтынын жақсы түсінеді
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко Prosports.kz сайтына берген сұхбатында «Тұранға» қарсы матч туралы пікір білдіріп, маусымға қойылған мақсат жайында айтты.

- «Тұранға» қарсы ойынның нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

- Иә, көңілім толады. Бапкердің матчқа қойған жоспарын орындадық. Бастысы жеңіске жеттік. Қалай болса да үш ұпайға қол жеткізіп, топті бірінші орынға шықтық.

- Бапкердің жоспарын толық орындай алдыңыздар ма?

- Әрине, жеңіске жетсек, демек толық орындай алдық деп айтуға болатын шығар. Жеңіспен стадионға келген жанкүйерлерімізді, одан бөлек Ақтөбе тұрғындарын, клуб басшылығы мен жаттықтырушыларды қуанта алдық деген ойдамын.

- Биылғы маусымға қойылған мақсат қандай?

- Мақсатымыз - қазір тұрған орнымызды маусым соңына дейін сақтап қалу.

- Ұлттық құрамаға шақырту алмадыңыз...

- Ұлттық құрамаға шақыру келсе, қуана-қуана барамын. Өйткені ұлттық құрама жейдесін кию - мен үшін үлкен мәртебе. Өздеріңіз білетіндей, ұлттық құрама сапында біршама уақыт ойнадым. Матчтарға қатысып жүрдім. Алда әлі мүмкіндігім бар. Бастысы, бір орында тоқтап қалмай, әрі қарай да жұмыс істеу. Қазір клубқа қойылған мақсатты орындап, Кубок матчтарына дайындалу керек. Бәрін уақыт көрсетеді.

- Мақсат Қазақстан чемпионатында ғана емес, Кубокта да жеңіске жету ме?

- Әрине, футболда тек бір мақсат болмайды. Әр матчта ойынымызды жақсартып, жоғарылауымыз қажет. Командадағы әрбір футболшы кез келген қарсыласқа қарсы матчта алаңға шығып, қолынан келгеннің бәрін істеуге дейін. Өйткені олар қандай клубта ойнайтынын жақсы біледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер