Роналду Сауд Арабиясына баруды жоспарлап отырған жоқ

Роналду Сауд Арабиясына баруды жоспарлап отырған жоқ

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстан бас тартады.

ESPN басылымының мәліметінше, Роналду Сауд Арабиясына баруды жоспарлап отырған жоқ. Ол әлі Чемпиондар лигасында бақ сынап, жүлде алуды көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясында Роналдуға екі жылға 250 миллион еуро жалақы төлеуге дайын ұсыныс жасаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0