Видео. «Ақжайық» Владимир Мазярмен қоштасты

Видео. «Ақжайық» Владимир Мазярмен қоштасты

«Ақжайық» футболшылары бұған дейін клубтың бас бапкері қызметінен кеткен Владимир Мазярмен қотасты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Рақмет, Владимир Иванович:

1. 2021 жылғы маусымдағы 9-орын үшін (тарихтағы 2-ші үздік нәтиже);

2. «Ақжайық» футбол орталығы жас тәрбиеленушілерінің ҚПЛ пен Кубоктағы дебюті үшін;

3. Жалпы 12 жеңіс үшін (клуб тарихындағы 5-ші нәтиже)», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Владимир Мазяр бірқатар сәтсіз ойындардың салдарынан қызметінен кетті. Соңғы тоғыз матчта батысқазақстандық ұжым тек екі рет тең ойын көрсетіп, жеті рет жеңіліс тапқан болатын.

Фото «Ақжайық» клубының баспасөз қызметінен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0