русский язык

«Шахтер» - «Ақсу» және «Тұран» - «Ақтөбе» матчтарының тікелей трансляциясы

«Шахтер» - «Ақсу» және «Тұран» - «Ақтөбе» матчтарының тікелей трансляциясы

Prosports.kz назарларыңызға «Шахтер» - «Ақсу» және «Тұран» - «Ақтөбе» матчтарының трансляциясын ұсынады.

Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ақсуды» қабылдайды. Руслан Костышин шәкірттері чемпионаттың сырт алаңдағы 7 ойынында бір ғана жеңіске жетіп, 5 рет жеңілді. Дегенмен, «Шахтер» да өз алаңында өткізген 6 матчтың тек жартысын жеңді. Екі команда да турнирлік кестеде көрші келеді, 14 матчтан кейін екеуінде де 17 ұпайдан бар, тек қарағандылықтарда доп айырмасы жақсырақ. Алаң иелері соңғы 8 матчта 6 гол соғып, бір нәтижелі пас берген Роман Мұртазаевтан жақсы нәтиже күтетіні сөзсіз.

«Шахтер» – «Ақсу» ойынының басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.

Қазақстан чемпионатының осы маусымындағы чемпион үшін жарысы бұрынғыдан да қызықты. Кестедегі тығыздық босаңсуға мүмкіндік бермейді, мұндай жағдайларда қатенің құны айтарлықтай артады. «Ақтөбе» де «Ордабасы» секілді көш басында келе жатқан «Астанадан» бір ұпай ғана қалып қойғанымен, «қызыл-ақтардың» елордалық және оңтүстікқазақстандық клубтардан бір ойын кем өткізген. Демек, орнын жоғалтпау үшін «Тұранға» қарсы матчта ұпай жоғалтпау керек.

«Тұран» - «Ақтөбе» матчының басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-ге жоспарланған.

Екі матчты да QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;