русский язык

Ароян «Астанаға» оралуы мүмкін

Ароян «Астанаға» оралуы мүмкін

Испаниялық «Кадистің» бұрынғы қорғаушысы Вараздат Ароян «Астанаға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздегі дерекке қарағанда, Армения құрамасының қорғаушысына елордалық клубтың жаттықтырушылар штабы қызығушылығын танытып отыр. Бірақ бір айта кетерлігі, ойыншы мен клуб қаржылық мәселеде келісе алған жоқ.

Айта кетейік, "Кадис" пен 29 жастағы армян келісімшартты бұзуға келіскен болатын. Ла лиганың өткен маусымында Ароян 19 ойынға қатысып, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;