русский язык

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

«Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА аталған стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;