русский язык

Қазақстан чемпионатындағы маусым айының үздік голы анықталды

Қазақстан чемпионатындағы маусым айының үздік голы анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусым айындағы ел біріншілігінің үздік голын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі pflk.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауалнама қорытындысы бойынша жанкүйерлер айдың ең үздік голы деп «Ақтөбе» футболшысы Уго Видемонттың «Астана» қақпасына соққан голды таңдады. Оған 64,02 пайыз дауыс берілген.

Екінші орынды «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтананың «Қайрат» қақпасына айып добынан соққан голы (11,51%) алды.

Үздік үштікті «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцухтың «Ақсуға» қарсы ойында соққан голы (7,2%) түйіндеді.

Фото instagram.com/fcaktobe_official

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;