Командалық

Су добынан Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Су добынан Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Дамир Темірханов су добынан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жаңа бапкерді қабылдап, құраманың қазіргі жай-күйіне тоқталып, жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін қазақстандық ватерполшыларды Александр Шведов баптаған еді.

Біздің анықтама:

Дамир Даулетұлы Темірханов 1985 жылы 14 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық спорт колледжі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 1994 жылдан бастап Қазақстан жастар құрамасында, кейіннен ересектер құрамасында ойнаған.

1999 жылы – Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен су добынан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы.

2001 ж – Су добынан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (Кувейт);

2001 ж – Су добынан жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы, (Ыстамбұл, Түркия);

2002 – Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамында су добы бойынша 14-ші Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан қаласы);

2003 ж – Студенттер арасындағы 22-ші жазғы Универсиаданың қатысушысы, (Дегу, Оңтүстік Корея);

2005 ж – 400 метрге жүзуден Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, (Астана қаласы);

2006 ж, ақпан – су добынан Азия чемпионы (Тегиран, Иран);

2006 ж, маусым – су добынан Азия кубогының чемпионы (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы);

2006 ж желтоқсан – Су добынан 15-ші Азия ойындарының қола жүлдегері (Доха, Катар);

1994-2001 жж. – Қазақстан Республикасының су добынан жастар құрамасының ойыншысы;

2002-2007 – Қазақстан Республикасының су добынан ұлттық құрамасының ойыншысы;

Су добынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі (FINA) төреші.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер