Қырғызстан Премьер-лигасының екі ойыншысы Қазақстанға ауысты
![Қырғызстан Премьер-лигасының екі ойыншысы Қазақстанға ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/201131_4c501a441b92d1e13ecc642afde3ae9.jpg?v=28669397)
Түркістандық «Яссы» командасына Қырғызстан Премьер-лигасынан екі ойыншы ауысты. Бұл туралы sport.kg басылымы хабарлады.
«Кара-Балта» командасының жартылай қорғаушысы Алишер Усубалиев пен «Абдыш-Атаның» қорғаушысы Платон Шост «Яссының» ойыншысы атанды.
Айта кетейік, «Яссы» Бірінші лигада 11 турдан кейін 18 ұпаймен 5-ші орында келеді.