русский язык
Дзюдо

Қазақстандық спортшылар парадзюдодан Гран-при жарысында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар парадзюдодан Гран-при жарысында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар парадзюдодан Бразилияның Сан-Паулу қаласында парадзюдодан өткен Гран-при турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталмыш додаға әлемнің 13 елінен тоқсандай парадзюдошы қатысып, бақ сынады. Бұл биыл Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін әлем біріншілігі алдындағы айтулы жарыс еді. Гран-при турнирінде Қазақстан намысын 10 спортшы қорғаса, соның 7-еуі жүлдеге ілікті.

Атап айтқанда, Ақмарал Науатбек (-48 кг J2) пен Даяна Федосова (-57 кг J2) топ жарып, чемпион атанса, Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг J1) күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Азамат Нөкішев (-73 кг J2), Ерғали Шамей (-73 кг J1), Жанбота Аманжол (-90 кг J2) және Талғат Әжіғалиев (+90 кг J2) қола медальді жеңіп алды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың айтуынша, бұл Гран-придің ерекшелігі, онда Париж-2024 паралимпиадасына лицензия үшін ұпай үлестірілді.

Міне, осындай бәсі жоғары жарыста аса ауыр салмақта күрескен батысқазақстандық Т.Әжіғалиев қола жүлде үшін бәсекеде бразилиялық қарсыласын жамбасқа салып, таза жеңді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;