Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінің екінші айналымына шыға алмады
![Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінің екінші айналымына шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/201131_6d7968fc6c11e2e7f4f2d76891f62adb.jpg?v=28645320)
Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінің екінші айналымына шыға алмады.
Ол америкалық Алексис Блохинаға есе жіберді – 3:6, 3:6. Бұл Сандуғаштың өз спорттық жолындағы алғашқы «Үлкен дулыға» жарысы еді.
Дегенмен Сандуғаш Аружан Сағындықова және Жанель Рүстемовамен бірге Уимблдоннан кете қойған жоқ.
Кенжебаева/Рүстемовамен, Сағындықова сербиялық Андреа Обрадовичпен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Жеребе бүгін тартылады.