Командалық

Каратэ: жастар құрамасы Әлем Кубогына аттанды

news-banner7
mobile-news-top

5 шілдеде Болгарияның Камчия елді-мекенінде каратэден жастар арасында Әлем Кубогы басталады. Жыл сайын Болгарияда өтетін бұл бәсекеге дәстүрлі түрде 25-ке жуық елден 500-ден астам татами шебері жиналады.

Биыл байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасының 45 каратэшісі аттанды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл додада осыған дейін 4 рет бақ сынаған. Ең үздік нәтижеміз 2019 жылы тіркелген. Ол кезде қазақстандықтар 9 алтын, 17 күміс, 22 қола медальге қол жеткізген

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер