русский язык

«Тұран» Әзербайжан құрамасының қақпашысымен қоштасты

«Тұран» Әзербайжан құрамасының қақпашысымен қоштасты

«Тұран» футбол клубы қақпашы әзербайжандық Эмиль Балаевпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қақпашы Эмиль Балаев пен «Тұран» футбол клубының басшылығы өзара келісім бойынша келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.

Әзербайжан құрамасының қақпашысы «Тұран» ФК сапына биылғы маусымның алдында қосылған.

«Тұран» футбол клубы Эмильге бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді!», деп жазды клуб.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;