«Ордабасы» - «Каспий» матчының тікелей трансляциясы
![«Ордабасы» - «Каспий» матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202207/472_5ca13a638eb1315bd306fc4cd3d93ebe.jpg?v=28656039)
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 16-турындағы «Ордабасы» - «Каспий» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкенттік команда қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті. «Тараз», «Ақжайық» пен «Ақсудан» басым түсті. Қазір 23 ұпаймен төртінші орында тұр.
Маусымда сәтті бастаған «Каспий» 7-орынға түсіп қалды. Бірақ бүгін жеңіске жетсе, үшінші орындағы шымкенттіктерден озып кетеді.
Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясын QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.