русский язык

«Барлық қиындықты жеңеміз». «Тұран» директоры - клубтың қарыздары мен басқа да проблемалары туралы

«Барлық қиындықты жеңеміз». «Тұран» директоры - клубтың қарыздары мен басқа да проблемалары туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» ФК басшысы Айбек Тілеужан Prosports.kz сайтына берген эксклюзив сұхбатында клубтың қаржылық жағдайы туралы бар шындықты айтты.

- «Тұран» ФК ресми пресс-релиз жариялады, клуб бюджетті оңтайландыруға мәжбүр болып отыр. Бұған не себеп болды?

- Желтоқсанда демеушімен келіссөз жүргізіліп, ол клубқа қолдау көрсетуге уәде берген. Бірақ елдегі қаңтар оқиғасынан кейін олар экономикалық тұрғыда біраз қиындыққа тап болды. Осыған байланысты қосымша қаражатты жарты жылға жуық күттік.

– Құжатта клубтың өткен жылға қарызы бары жазылған. «Тұран» кімге қарыз – ойыншыларға, жаттықтырушыларға, клуб қызметкерлеріне? Олардың арасында шетелдіктер бар ма?

– Клуб директоры қызметіне келген кезде тәуелсіз аудит 700 миллион теңгеге жуық қарызды есептеді. Жыл соңына дейін біз қаражаттың жартысына жуығын оңтайландыра алдық. Бірақ бәрібір клубтың әлі де 400 миллион теңге қарызы бар еді. Жаңа 2022 жылдың бюджетімен клуб жалақы мен салық берешегін төлеуге міндетті болды. Өйткені қарызы бар клуб федерацияның аттестациясынан өтіп, чемпионатқа қатысуға рұқсат ала алмас еді.

– Кешіріңіз, Түркістан облысының әкімдігі 2022 жылға клубқа бөлуі тиіс болатын кепілдендірілген 1 миллиард 200 миллион не болды? Жалпы бұл ақша болды ма?

– Жаңа бюджет есебінен қарыздарды жаптық, маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындары өтті. Ұшақтар мен жатын орындар бар. Өзіміздің базамыз болмағандықтан, уақытша Шымкент қаласында тұрамыз. Оған қоса, бізде негізгі құрамнан бөлек дубль мен академия бар екенін ұмытпаңыз. Футбол академиясында 25 маман жұмыс істейді, 500 бала жаттығады.

Біз өз Академиямызға көп көңіл бөлеміз, өйткені 4-5 жылдан кейін біз оның түлектеріне сенеміз. Болашақта олар негізгі құрамды жасақтайды. Қаржылық қиындықтарға қарамастан, біздің балалар командалары Грекия мен Хорватияда өткен халықаралық турнирлерге қатысты.

- Өз еркімен жалақысын қысқартқысы келмейтін ойыншылардың тағдыры не болмақ?

- Біз барлық ойыншымен ымыраға келуге тырысамыз. Біреу келісті, кейбірімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бірақ, бәріне қарамастан, мен ойыншыларға ризамын. Олар да клубтың жағдайын және бұл қиындықтардың бәрі уақытша екенін түсінеді. Мен өз тарапымнан барынша шынайы және ашық болуға тырысамын. Трансфер кезеңінің ашылуына бір ай қалғанда БАҚ жағдайды басқаша хабарлауы мүмкін екенін жақсы түсінсем де, клубтың жағдайын жариялауды жөн көрдім.

- Келісімшарттағы міндеттемелерді орындамағандықтан, ойыншылардың бірі клубты сотқа береді деп қорықпайсыз ба?

- Біз барлық ойыншымен тіл табысуға тырысамыз. Біз істі сотқа жеткізбеуге бар күшімізді саламыз. Тағы да айта кетейін, біздің барлық ойыншы өз саласының кәсіби мамандары және клубқа қатты алаңдайды. Олар кез келген басқа клубқа кетіп қалуына болар еді, бірақ көпшілігі командада қалды.

– Клуб қазынасында мүлде ақша жоқ болса, жергілікті кадрларға басымдық берілген күннің өзінше, чемпионатты қалай аяқтауды жоспарлап отырсыздар?

– Бюджетті оңтайландыру бізде ақша жоқ дегенді білдірмейді. Кредиторлық қарызымыз бар болғандықтан, келесі жылға қарыз болмау үшін барынша үнемдегіміз келеді. Екінші жағынан, бюджетті оңтайландыру арқылы біз жас ойыншыларымызға көбірек мүмкіндік береміз. Олар Олжас Керімжанов, Андрей Залеский, Ержан Токотаев, Шоқан Абзалов сынды тәжірибелі ойыншылармен иық тіресе ойнайды.

- «Тұранның» 2022 жылғы маусымға міндеттері бар ма?

– Әрине, чемпионатта мақсатсыз ойнаудың мәні жоқ. Біз барлық қиындық уақытша екенін жақсы түсінеміз және клубтағы дағдарысты абыроймен еңсергіміз келеді.

Көшбасшы ретінде ұжымның тірегін сақтай отырып, қарыздарды жабуға тырысамын. Бірнеше ойыншы кеткеніне қарамастан, біздің команда әр ұпай үшін күреседі, турнирлік кестеде жоғары көтерілуге ​​тырысамыз.

Ұжымды басқарған бір жылда күнде қарызды жабу туралы ойлармен оянамын. Өйткені клубта ойыншылардан бөлек көптеген қызметкер бар. Олардың әрқайсының отбасы, өз қажеттіліктері бар. Бірақ мен барлық қиындықты жеңетінімізге сенемін.

Фото ашық дереккөздерден

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;