Бокс

Екі жыл рингке шықпаған қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Екі жыл рингке шықпаған қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Әли Балоев (10-0, 7 КО) ресейлік промоушен аясында дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы ресейлік боксшы Расул Дибиров (6-3-1, 5 КО) болды.

Жекпе-жек бірінші раундтың 55-ші секундында Балоевтың жеңісімен аяқталды. Жерлесіміз қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Әли Балоев екі жылға жуық үзілістен кейін рингке оралды. Қазақстандық бұған дейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімімен беларусь Юрий Быховцевті (10-21-3, 5 КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер