«Тұран» ойыншысы «Каспийге» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Тұран» ойыншысы «Каспийге» қарсы матч туралы пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» ойыншысы Санжар Сатанов Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында өткен «Каспийге» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Жеңіс құтты болсын! Сырт алаңдағы ауыр ойын болды. Матчтан қандай әсер қалды?

– Көп рақмет! Сырт алаңда ойнау қашан да қиын. Ауыр матч болды. Дегенмен ойыннан тек жақсы әсер қалды. Командамыз жеңіске жетіп, ауадай қажет үш ұпайға қол жеткіздік.

– «Тұран» сапындағы алғашқы голыңды соқтың. Осы голдан кейін команда өзіне сеніп, ойынды өз қолына алғандай көрінді.

– Алланың қолдауымен «Тұрандағы» алғашқы голымды соқтым. Командаластарыма, бапкерлеріме сенім артқаны үшін алғысымды айтамын. Командамыз бірінші минуттан бастап сенімді ойнады деп айта аламын. Бапкерлеріміздің ойынға жасаған жоспарын орындап, жеңіске жеттік. Қолдау көрсеткен барша жанкүйерімізге көп рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер