Әлем футболы

«Барселона» Левандовски үшін 50 млн еуро төлеуге дайын

«Барселона» Левандовски үшін 50 млн еуро төлеуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски үшін 50 миллион еуро төлеуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sport Deutschland басылымының хабарлауынша, каталониялық клуб бұл сома ойыншыны сатып алуға жеткілікті деп санайды.

«Бавария» 33 жастағы ойыншыны сатуға келісті, бірақ оның бағасын көтерді. Мюнхендік клуб шабуылшы үшін 60 миллион еуро сұрап отыр.

Айта кетейік, өткен маусымда Левандовски «Бавария» сапында 50 ойынға қатысып, 46 гол соқты. Оның мюнхендік клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер