Чиди Осучукву: Дәл қазіргі сәтте әрбір ұпай біз үшін ауадай қажет

Чиди Осучукву: Дәл қазіргі сәтте әрбір ұпай біз үшін ауадай қажет
news-banner7
mobile-news-top

«Тұранның» жартылай қорғаушысы Чиди Осучукву OLIMPBET-Қазақстан чемпионаттың 15-турындағы «Каспийге» қарсы матч туралы пікірін білдірді.

– Ойын тамаша өтті. Ыстық ауа-райы, жасанды алаң, синтетика - өз әсерін тигізбей қоймады. Дегенмен біз матчқа қойылған жоспар мен тактиканың арқасында жеңіске жетті.

Бапкеріміз «Каспий» секілді командаға қарсы қалай ойнау керегін түсіндіріп, оңтайлы шешімін тапты. Сондықтан қосалқы құрамдағылардан бастап барлық ойыншы матчта тек жеңіске жетуді ойлады.

Біз үшін бұл психологиялық тұрғыдан да, турнирлік кестедегі орнымыз үшін де маңызды үш ұпай. Дәл қазіргі сәтте әрбір ұпай біз үшін ауадай қажет. Жеңісті командамыздың барша жанкүйеріне арнағым келеді!
_

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер