Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер Алматыда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Алматыда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы ЦСКА теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Күн жаңбырлы болғандықтан, қазақстандық теннисшілер арасында өткен жұптық сындағы финал хард төселген жабық залға ауыстырылды. Онда Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай отандастары Еркежан Арыстанбекова - Дана Байдәулетті 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, А.Арыстанбекова А.Нұпбаймен бірге ITF Juniors жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді. Жекелей сында Дана Байдәулет соңғы бәсекеде ресейлік Валерия Гынинаға есе жіберді - 4:6, 1:6.

Бозбалалар арасында аустриялық Поль Уоррен тартысты финалда ресейлік Григорий Щебекинді тізе бүктірді - 7:6 (7:2), 3:6, 6:3.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер