Моңғолиядағы Grand Slam: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
![Моңғолиядағы Grand Slam: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті](https://prosports.kz/upload/news/content//202206/472_34d53a8bd4560682dc1e80952b7224d8.jpg?v=28701989)
Қазақстандық дзюдошы Камилла Берліқаш Ұлан-Батырда «Үлкен дулыға» сериясындағы халықаралық турнирдің қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz .
Үшінші орын сарапқа салынған жекпе-жекте ол моңғолиялық Номинзул Дамбарджаамен белдесті. Камилла қарсыласын иппонмен жеңді.
Бұған дейін Абиба Әбужақынова мен Дидар Хамза да турнирдің қола жүлдесін иеленген еді.