русский язык

«Томирис-Тұран» Чемпиондар лигасының бірінші турында «Манчестер Ситимен» кездеседі

«Томирис-Тұран» Чемпиондар лигасының бірінші турында «Манчестер Ситимен» кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турының жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл турнирде Қазақстан атынан шымкенттік «БИІК» пен түркістандық «Томирис-Тұран» өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Чемпиондар жолында 11 топқа және Лига жолында 4 топқа бөлінген. Екі жолдағы бірінші раунд бір матч форматында ойналатын екі кезеңнен тұрады: жартылай финал және финал/үшінші орын матчтары.

Әр финалдың жеңімпаздары (Чемпиондар жолында 11, Лига жолында төрт) екінші айналымға өтеді. Шағын турнирлердің қожайындары әр топтағы клубтардың арасынан таңдалады.

Қазақстанның қазіргі чемпионы «БИІК-Шымкент» «Чемпиондар жолы» үшінші тобына түсіп, жартылай финалда Хорватияның «Сплитімен», ал төртінші топта «Томирис-Тұран» «Манчестер Ситимен» ойнайды.

Бірінші кезеңнің жартылай финалдық ойындары 18 тамызда, ал финалдық кездесулер мен үшінші орын үшін кездесулер 21 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;