Хоккей

Биылғы Құрлықтық хоккей лигасы қай күні басталатыны белгілі болды

Биылғы Құрлықтық хоккей лигасы қай күні басталатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін Құрлықтық хоккей лигасы ойындарының қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) және Ресей хоккей федерациясы (ФХР) 2022-2023 жылғы кезеңді өткізу құрылымын мақұлдады. Онда қазақстандық «Барыс» командасы сынға түседі.

Құрлықтық хоккей лигасының 15-маусымы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде жалауын көтереді. Алғашқы кездесуде Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) және «Металлург» (Магнитогорск) командалары мұз айдынға шығады.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты 2023 жылдың 26 ақпанына дейін созылады. Ал Гагарин кубогы 1 наурыз және 29 сәуір аралығында өтеді.

Әрбір командаға тұрақты чемпионатта 68 ойыннан белгіленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер