«Жорамал жасау ғана қалды». Қазақстанның көшбасшы шаңғышысы құрамаға неге ілінбегенін түсінбейді

«Жорамал жасау ғана қалды». Қазақстанның көшбасшы шаңғышысы құрамаға неге ілінбегенін түсінбейді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шаңғышы Валерия Тюленова Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында, биылғы маусымды есіне неге алғысы келмейтінін, Бейжің Олимпиадасын ұмытқысы келетінін және әлем Кубогы туралы айтып берді.

- Cіз бірнеше жылдан бері ұлттық құраманың көшбасшысы болып келесіз, алайда маусымның басында сізді қосалқы құрам тізіміне енгізді. Бұл немен байланысты?
- Жақсы сұрақ. Мен де жауабын білгім келеді. Бірақ жауабы жоқ болып тұр, тек болжау қалды. Ешкім нақты неге мұндай шешім қабылданғанын айтқан жоқ. Жауабын іздеуді баяғыда-ақ қойғанмын. Қазір бар ойым дайындықта. «Неге? Кім? Не үшін?» деген сұрақтар қоюға уақытым жоқ. Оған көп күш-қуатым кетеді. Одан да оны жаттығуға жұмсағаным абзал.

- Денсаулығыңыз қалай? Әлем Кубогының іріктелуіне қатысасыз ба?
- Дәл қазір денсаулығымда кінәрат жоқ. Бірақ былтырғы маусым ауыр өтті. Күзде коронавирус жұқтырып, сосын оны асқындырып алдым. Бабыма ұзақ келдім. Корона спортшының бір маусымын оңай-ақ алып қояды екен. Дегенмен бәрі өткеннің еншісінде. Ендігі мақсатымның бірі - күздегі әлем Кубогына жолдама алу.

- Жалпы алғанда биылғы маусымды спорттық тұрғыда қалай бағалайсыз?
- Шын айтайын ба? Нашар. Жаттығу да, жарыс та - қиынға соқты. Жауыма да тілемейтін едім. Өзіме келе алмадым. Есіме түсіргім де келмейді. Коронавирус дайындығымды 180 градусқа өзгертті.

- Олимпиада дұрыс дайындала алмадыңыз ба? Жақсы әсер ала алмаған секілдісіз.
- Өкінішке қарай, солай. Қайдағы жақсы әсер? Мұндай ірі жарыста нашар нәтиже көрсеткем жақсы эмоция ала алмаймын. Мұндай нәтижеден соң Олимпиада атмосферасы да, ештеңе көмектеспейді.

- Жазда құрамадан тыс дайындалып жүрсіз. Жаттығуыңыз қайда өтіп жатыр? Құрамамен қашан спарринг өткізесіз?
- Қазір Түмен облысында жиын өткізіп жатырмын. Бұл жақта мықты команда жиналып қалды. Күнтізбеге қарасам жақында құрамаға бармайтын секілдім. Ұлттық құрама түгелдей Алматыдағы жазғы Қазақстан чемпионатында жиналады. Қыркүйекте өтетін жарысқа мен де қатысуды жоспарлап отырмын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер