Қытайлық қазақ UFC турниріндегі дебютті жекпе-жегінде нокаутпен жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСингапурда өткен аралас жекпе-жектен UFC 275 турнирінде тегі қазақ қытайлық Мақсат Қайсар әлемнің жетекші ММА лигасында дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы америкалық Стив Гарсиамен жекпе-жектің басында Мақсат қарсыласының иегіне күшті соққы жасап, еденге құлатты. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатып, 1:14 шамасында Мақсат Қайсардың бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.