Хоккей

Қазақстан көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде екі рет жеңіске жетті

Қазақстан көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде екі рет жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Екінші кездесуінде қазақстандық спортшылар Өзбекстан құрамасымен сынға түсті. Ойын барысында 55-минутта ел құрамасынан Қарлығаш Болғанбаева есеп ашса, арада бір минут өткенде Алина Бисирова есепті ұлғайта түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, бұдан бұрын олар Индонезияны 1:0 есебімен жеңген болатын.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен шеберлік байқасуда.

Қазақстандық хоккейшілер енді 9 маусымда Камбоджа құрамасымен кездеседі.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындары финалдық сатысында төрт мәрте қатысты. 1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер