русский язык
Футзал

Игита: Чемпионат деңгейі өсті, сондықтан бұл - ерекше жеңіс

Игита: Чемпионат деңгейі өсті, сондықтан бұл - ерекше жеңіс

«Қайрат» қақпашысы әрі капитаны Лео Игита Prosports.kz сайтына берген сұхбатында чемпионаттағы жеңісін кімге арнағаны туралы айтып берді.

- Лео, біздің қос құттықтауымызды қабыл алыңыз: кезекті чемпиондықпен және алдағы туған күніңмен!

- Сізге көп рақмет, мен өте қуаныштымын!

– Сіз үшін бұл «Қайрат» жейдесінде Қазақстан чемпионатындағы 11-ші алтын медаль. Эмоцияға келетін болсақ, бұл жеңістің алғашқы жеңістен айырмашылығы бар ма?

- Иә, әрине! Чемпионат деңгейі жоғарылап, бәсеке артқан сайын жеңістің дәмі де тәтті болады. Қазақстан чемпионаты әлдеқайда күшейді, жеңілісіміз сенсация болудан қалды. Жол қиын болды, сондықтан қазір арқамнан ауыр жүк түскендей сезініп тұрмын.

– Финалда «Аятпен» өткен үш кездесудің қайсысы қиын болды?

- Серияның бірінші матчы ең қиын болды деп ойлаймын.

- Плей-офф кезеңінде «Қайрат» ресейлік клубқа жалға берілген Дуглассыз ойнады. Көшбасшыларының бірі жоқ командаға қаншалықты қиын болды?

– Әрине, қиын болды, мықты ойыншының орны ойсырап тұрады. Дуглас команданың көшбасшысы. Бірақ, «Қайрат» деген атмыз бар, біз біріншіден, команда ретінде мықтымыз. Команда әрқашан жеңеді - Дуглассыз да, менсіз де.

– Бұл жеңісіңізді кімге арнайсыз?

- Мен оны Савиоға арнаймын. Ол үшін бұл өте ауыр маусым болды, жарақат көп мазалады. Оны аяймын. Ол тамаша спортшы ғана емес, сонымен қатар өте мейірімді адам, ол әрқашан бәріне көмектеседі. Сондықтан бұл титул саған арналады, Савио!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;