русский язык
Әлем футболы

Клеман Лангле «Барселонадан» кетуге келісті

Клеман Лангле «Барселонадан» кетуге келісті

«Барселона» қорғаушысы Клеман Лангле клубтан кетуге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

Catalunya Radio хабарлауынша, 26 жастағы ойыншы Хавидің келесі маусымға арналған жоспарларына кірмейді және «Тоттенхэмге» екі жылға жалға берілуі мүмкін. «Барса» лондондық клубпен келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұған дейін «Тоттенхэм» жазғы трансфер кезеңінде қорғаушыны сатып алуға дайын екені хабарланған болатын.

2021/22 маусымында Лангле «Барселона» сапында 26 матчта бір нәтижелі пас берген болатын. Transfermarkt.com порталы ойыншының құнын 14 миллион еуроға бағалайды.

Француздың клубпен келісімшарты 2026 жылға дейін жасалған.

Фото: «Барселона» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;