русский язык
Әлем футболы

Финалиссима: Аргентина Италияны ірі есеппен жеңді

Финалиссима: Аргентина Италияны ірі есеппен жеңді

Лондонның «Уэмбли» стадионында Финалиссима – құрлық чемпиондарының матчы өтті, онда Италия (қазіргі Еуропа чемпионы) мен Аргентина (Оңтүстік Американың қазіргі чемпионы) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Үш голды Лаутаро Мартинес, Анхель Ди Мария және Пауло Дибала соқты.

Финалиссима – Еуропа чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпазы кездесетін жаңа құрлықаралық кубок. Бұл турнирді өткізу туралы УЕФА мен КОНМЕБОЛ арасындағы меморандум 2028 жылға дейін есептелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;